Мәжілістегі әйелдер мен жастардың үлесін арттыру мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістегі әйелдер мен жастардың үлесін арттыру мәселесі қаралды

14.04.2020

Болашақта Мәжіліс пен мәслихаттарда әйелдер мен жастардың үлесі артуы мүмкін. Мәжілісте қазір осындай мәселе қаралып жатыр. Бүгін жұмыс тобы бейнеконференция форматында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заң жобаларына енгізілуі мүмкін өзгерістерді талқылады. Қазіргі ұсыныс бойынша жастар мен әйелддердің үлесін 30 пайызға дейін жеткізу керек. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың емес 20 мың адам мүшелікке ынталы болса жеткілікті.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу