Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

14.04.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысты. Жиынның күн тәртібінде коронавирус індетінің таралуын болдырмау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.  

Қазақстан Президенті өз сөзінде денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласында ынтымақтастық орнатуға ерекше мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде қоғамның дамуы үшін өзінің маңыздылығын дәлелдеген цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етудің қажеттігін айтты. Сөзінің соңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен Одақтың өзі бұрын-соңды болмаған осы дағдарысты еңсеретініне, одан сабақ алатынына, аталған кезеңде пысықталған тәжірибеге талдау жасайтынына және жаңа сын-қатерлерге дайын болатынына сенім білдірді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу