Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

17.10.2021

Ал өзінің төрағалығымен өткен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында Ресеймен байланыстар жақсы, басқалармен айтарлықтай емес дегенді айтты. Өнеркәсіптік ынтымақтастық бойынша Ресей Федерациясымен жүйелі түрде ынтымақтаса жұмыс істеп жатырмыз деп, бірнеше жобаны мысалға келтірді.«Лукойлмен» бірлесіп жағармай материалдарын шығаратын зауыт, «КАМАЗ-бен» бірге автомобиль бөлшектерін шығаратын екі жоба, «Татнефтьпен» бірлесіп дөңгелек шығаратын зауытты сөз қылды. Ал Одаққа мүше өзге елдермен арадағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың әлеуеті әлі пайдаланылмай отыр. Ірі әрі өзекті инвестициялық жобалардың жетіспеушілігі байқалады, деді.

Қ.Тоқаев қатысқан осы және өзге де онлайн жиындар туралы Шерхан Жамбылұлы.


Хабарламаларға жазылу