Төтенше жағдайға байланысты коммуналдық төлемдер 7 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайға байланысты коммуналдық төлемдер 7 пайызға төмендеді

13.04.2020

Төтенше жағдайға байланысты елімізде коммуналдық төлемдер құны орта есеппен 7 пайызға төмендеді. Бұл қазақстандықтардың 1 айда шамамен 950 миллион теңгені үнемдеуіне мүмкіндік беретінін айтады мамандар.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, сумен қамту - 7,6 пайызға, суды бұру - 8,2 пайызға арзандаған. Ал жылу - 6,8 пайызға, электр қуаты - 4 пайызға төмендеген. Жаңа тариф 1 сәуірден бастап есептеледі. Сондықтан арзандатылған түбіртектерді тұрғындар мамыр айында алады. Бір мәселе — бұл өзгерістің әзірге елордалықтарға қатысы жоқ. Мұнда коммуналдық жеңілдік бойынша басқа жаңа жоба қолға алынып жатқанын айтады мамандар.

Сондай-ақ 1-ші мамырдан бастап банктер картамен жасалатын кейбір төлем түрлері үшін комиссияны азайтты. Бұл өзгеріс білім беру, медициналық қызмет, дәріханалар, ақылы жолдар мен автотұрақтар, ауылшаруашылығы және жылжымайтын мүлік операцияларына қатысты.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу