Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Бірақ механизатор, тракторшы тәрізді мамандардың аздығы қыруар іске қолбайлау болып тұр. Елдегі қалыптасқан төтенше жағдайға қарамастан, шаруалар жер жыртып, дән сеуіп жатыр. Жалпы биыл жетісулықтар 1 миллион гектарға жуық жерге дәнді дақыл екпек.
Алматы облысындағы ең егісті өңір Кербұлақ ауданы. Қызылшоқы серіктестігі биыл 6 мың гектарға дәнді дақыл септі. Оның 2 мың геткары күздік бидай болса, 4 мыңы жаздық арпа. Алқапты кеңейту жоспары бар. Алайда жұмыс қолы қажет.
Десе да шаруалар шама-шарқынша ауа-райының қолайлығын пайдаланып жоспарлы алқапты игеруге тырысып бағуда. Жанар-жағармай жеткілікті.
Әр гектардан 21 центнер өнім алуды көздеген шаруалар күндіз-түні бел жазбай еңбектенуде. Әрі биыл ылғал мол. Бұл астық шығымын еселей түспек.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ