Дәрігерлер вирустан айыққан адамның 4 белгісін атады. Ол соңғы үш күнде темипратураның болмауы. Тыныс алу жолы, өкпенің таза болуы. МРТ КТ көрсеткіштерінің жақсаруы. Төртіншіден, тест нәтижесі. Емделуші кемі бір ай дәрігерлермен байланысын үзбей, апта сайын тест жасату керек. Үйде, өзін оқшаулап, жеке бөлмеде тамақтану шарт. Қытайлық мамандар Қазақстандағы сауыққан 63 адам осы талапты сақтаса деген ұсыныс айтты. Өйткені аспан асты елінде қайта жұқтыру деректері де тіркелген. Мамандары алдағы екі апта Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қаласында болып жергілікті ауруханаларда емдеу тактикасымен бөліседі.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ