Алматыда күшейтілген карантин режиміне қарамастан, кейбір қоғамдық көліктердегі жолаушылар саны азаймай тұр.
Әлеуметтік желілерде адам толы автобустардың видеосы тарады. Көпшіліктің айтуынша, электронды базаға көлігін тіркеп үлгермегендер автобуспен қатынауға көшкендіктен осындай келеңсіздіктер туындаған. Ал қалалық мобильділік басқармасының өкілдері жолаушылар санының күрт өсуіне байланысты 57-ші бағытта жүретін автобустардың қатары бүгіннен бастап толықтырылатынын айтты. Дегенмен, жолаушылардың қатарында себепсіз жүргендер де жоқ емес. Сондықтан полицейлер автобустарды да аралап, тексеріс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жолаушылардың карантин кезінде қалада жүруге рұқсаты бар-жоғын анықтауда. Бір күнде ережеге бағынбаған 10-нан астам адамға ескерту берілген.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ