Алматы тауларында қар көшкіні жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

10.04.2020

Алматыда қар көшкіні болды. Оның жалпы көлемі 8 мың текше метрден асады. Бұған дейін Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қардың мол түсуіне байланысты тау бөктерінде көшкін болатынын хабарлаған. Табиғи құбылысты бақылаған «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері видеодағы оқиға Шымбұлақ маңайында болғанын айтты. Олардың сөзінше, қар көшкіні болу қаупі бар аймақтарға блок постар қойылып, алдын алу шаралары ұйымдастырылған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу