Тайландта коронавирус жұқтырған науқастарға роботтар қызмет көрсетіп жүр. Ақылды машиналар стационарлардағы науқастарға дәрі-дәрмек пен тамақ жеткізеді. Осылайша билік медициналық қызметкерлердің індет жұқтыруының алдын алмақ.
«Пинто» атты роботты Чулалонгкорн университетінің қызметкерлері бірнеше стартап компаниялардың инженерлерімен бірлесе отырып құрастырған. Әзірге елдегі үш ауруханада 6 құлтемір бар. Тағы 50 емдеу мекемесі осындай роботтармен қамтылады.
euronews.com