Коронавирус жұқтырған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

07.04.2020

Коронавирус жұқтырған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бастамашыл болып отыр. Бұл туралы Forbes Kazakhstan журналына сұхбат берген Елжан Біртанов айтты. Оның сөзінше, ер адам Мәскеуде науқас адаммен тікелей байланыста болып, ұшып келген. Елге оралған соң, өзін оқшауламай, туған күнінің құрметіне банкет ұйымдастырған. Сөйтіп думанға келген қонақтармен байланыс фактісін жасырған. Салдарынан, кейбір меймандар ауруға шалдыққан. Қазір бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. Сондай-ақ, Елжан Біртнов эпидемиямен күресуге бағытталған Алматыдағы анықтамалық зертхананың рөліне де тоқталды. Қазір осы орталықта қауіпті инфекцияларды жедел айқындайтын тесттер әзірленіп жатыр. Алдымен сынама өндірістік негізде шығарылмақ. Ал тесттермен жұмыс істеу нақты сәуір айында басталатынын айтты министр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу