42 500 теңге жәрдемақыға өтінім беретін Telegram бот іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 500 теңге жәрдемақыға өтінім беретін Telegram бот іске қосылды

06.04.2020
42 500 теңге жәрдемақыға өтінім беретін Telegram бот іске қосылды

Қазақстанда 42 500 теңге жәрдемақы алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесіп Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты.

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өту керек. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:

- «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;

- ЖСН, Электронды пошта мекенжайы мен телефон және банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN) енгізу;

- Өтінішті растау керек.

Бұдан кейін сізге өтіміннің қабылданғаны жөнінде хабарлама және өтінімнің тіркеу нөмірі келеді.

Ал қызметкерлер «Қызметкер» батырмасын басып, өзі жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу қажет.

Жауап 3 жұмыс күні ішінде келеді.

Хабарламаларға жазылу