Арнаулы жиынға әскери міндеттілерден кімдер шақырылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнаулы жиынға әскери міндеттілерден кімдер шақырылады?

05.04.2020

Осы аптада Мемлекет басшысы әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни Қарулы Күштеріміздің жер-жерлердегі аумақтық әскерлері запастағы сарбаздардың есебінен жасақталады. Бұны жаппай жұмылдырумен шатастырмау керек деп, Президенттің қаулысын Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кейін тарқатып түсіндірді.

Екеуінің айырмашылығы –жұмылдыру, әскери жағдай тәртібіне көшу кезінде жүргізілсе, арнаулы жиындар жылда өткізілетін жоспарлы іс шара екенін айтты министр. Қайтадан керзі етік киіп, сапқа тұратын азаматтарымыздың міндеті – дезинфекциялауға қатысып, карантин мен көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету болмақ.

Арнаулы жиынға бәрі бірдей шақырылмайды. Жасы елуден асқандар, 3 баласы бар ерлер шақырылмайды. Бірінші кезекте еріктілерге басымдық беріледі. Сонымен бірге оқып жатқандар, денсаулығы онша еместер де бармайды. Бірнеше аптадан, үш айға дейін созылуы мүмкін әскери жиынға қатысқандарға алып жүрген жалақылары толық мөлшерде төленеді. Ал жұмыссыз болғандарға ең төмеңгі жалақы бекітіледі. Әркім өзінің тұрғылықты жерінде ғана әскери қызмет атқаратынын айтты Нұрлан Ермекбаев.


Хабарламаларға жазылу