42 500 теңгеге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 500 теңгеге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды

03.04.2020
42 500 теңгеге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды. 

«Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды», - делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта. 

Ведомство мәліметінше, сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында ашылды.

Жәрдемақы алу үшін:

1. 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2. 42500 теңге жәрдемақы алуға өтінішті жіберіңіз;

3. Ұсынылған нұсқаларды толтырыңыз (аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН-і);

4. Телефон нөмірінізді SMS арқылы жіберілген кодпен растаңыз;

Жауап 3 жұмыс күні ішінде SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.

Хабарламаларға жазылу