Арнайы жиынға әскери есепте тұрғандар және денсаулығы жақсы азаматтар қабылданады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.
Ал әскери жиынға кімдер бармайды?
- Қорғаныс, тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты мемлекеттік органдарда қызмет ететіндер, авиациялық персонал;
- Егін науқаны кезінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер;
- Педагогтар;
- Күндізгі оқуда білім алатындар;
- Әйелдер
- 18 жасқа дейін үштен көп баласы бар азаматтар;
- Тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқан тұлғалар;
- Жергілікті атқару органдарының депутаттары.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды.