42500 теңге жәрдемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42500 теңге жәрдемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

03.04.2020
42500 теңге жәрдемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

Ол үшін:

1. Egov.kz порталындағы «ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу» сервисін таңдаңыз;

2. Ұсынылған нұсқаларды ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып толтырыңыз, «Бір реттік құпия сөзді» таңдаңыз;

3. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз; 

4. Нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз. 

Ескерту! Сіздің телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы керек. Егер тіркелмесе, бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланысып, нөміріңізді базаға енгізу қажет.

Толық ақпаратты 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу