Гонконг билігі коронавирус жұқтырған науқастың мысығынан да індеттің анықталғанын мәлімдеді.
Қожайынына ауру диагнозы қойылғаннан кейін мысық Гонконг портындағы карантиндік изоляторға жіберілген. Мамандар тексере келе оның ауыз қуысы мен мұрынынан, сонымен қатар ішектерінен инфекцияны тапқан.
«Мысықтарда індет белгілері байқалмайды», - дейді ғалымдар. Алайда үй жануары әлі де мамандар бақылауында болады.
Бұған дейін Гонконгтағы 2 иттен де коронавирус анықталған еді. Мамандар коронавирус жұқтырғандардың үй жануарларын да карантинге алуға кеңес беріп отыр.
Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, коронавирустың ит-мысықтардан адамға жұғу деректері ресми тіркелмеген.
lenta.ru