ЕАЭО кей азық-түлік түрлерін өзге елдерге шығаруға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО кей азық-түлік түрлерін өзге елдерге шығаруға тыйым салды

01.04.2020

Короновирустың таралуына байланысты, Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшелері кейбір азық-түлік тауарларын өзге елдерге шығаруға уақытша тыйым салды. Оның ішінде пияз, сарымсақ, шалқан, бидай, күріш, тары, қарақұмық, ұн, жарма дәндері, соя мен күнбағыс майы сияқты тауарлар бар. Шектеу 30 маусымға жалғасады. Бұл одаққа мүше бес елді қажетті азық-түлікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу