Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген 2,5 миллион адам тегін көмек алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген 2,5 миллион адам тегін көмек алады

01.04.2020

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген 2,5 миллион адам тегін медициналық көмек алады. Қор осы мақсатқа өз ішкі резервінен 20 миллиард теңге бөледі. Яғни 1 шілдеге дейін Қазақстандағы барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Бұл жөнінде қор төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. Оның сөзінше, қалыптасқан жағдайға байланысты бұл санаттағы адамдар саны көбеюі де мүмкін. Айта өтейік, МӘМС жүйесі бүгіннен бастап толықтай күшіне енуі тиіс еді. Алайда, кешегі халыққа үндеуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүйе бойынша сақтандырылмаған азаматтардың көмек алуын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырды. Бұл қазіргі қалыптасқан төтенше жағдайды ескере отырып қолға алынған шара екенін айтты Пезидент.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу