Атырауда вирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда вирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті

31.03.2020

Ал Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 13-ке жетті. Бүгінде өңірдегі дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар індеттің одан әрі таралмауына бар күшін салуда.

Атырау кеше карантинге жабылды. Барыс-келіс тыйылды. Жергілікті жұрт үрей құшағында отыр. Өйткені, науқастардың саны күн санап артып келеді. Соңғы мәлімет бойынша, аса қауіпті індетті 13 адам жұқтырды. Олардың арасында бір емхананың 3 медбикесі де бар. Он үшінші болып тіркелген науқас, 49 жастағы әйел. Ол 21 наурыз күні Алматыдан келген.

Санитарлық дәрігерлер шаһардан 11 жерді індет ошағы деп белгіледі. Қазір бұл аумақтар 14 күнге оқшауланып, әлсін-әлсін дезинфекциялануда. Бүгінде карантинде 117 адам, ал, үй бақылауында 140 адам. Облыста карантинге арналған 1910 орын дайын тұр. Дәрігерлер вирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалыпты деп отыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу