Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті

06.04.2020

Сыр өңірінде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Қазіргі уақытта облыста 37 жағдай тіркелді. Індет әсіресе аудандарда өршіп барады. Шиеліде бір отбасының 5 мүшесінен Covid-19 вирусы анықталды. Оның ішінде 4-жасар бала да бар.

Ең әуелі, Петропавлдан келген студент қыздан сенбі күні вирус анықталған болатын. Ақыр соңы оның отбасы мүшелері де қауіпті инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Жанға бататыны ең кішісі 4-жастағы бала. Бірақ, оған дейін ол ауылдағы құрбыларымен кездесіп, тағы бір қыз бала індетке шалдықты. Олар осы кезге дейін ауруханада провизорлық бақылауда болған. Қазір тиісті ем-дом шараларын алып жатыр. Аймақтың бас дәрігері қауіпті инфекцияның таралуын тұрғындардың сақтық шараларына әлі де бейқам қарауы себеп болып отырғанын айтады.

Жалпы облыста Covid-19 індетімен тіркелген 37 науқаспен түрлі байланыста болған 900-ге жуық адам анықталды. Соның ішінде жақын қатынаста болған 300-ден астамы карантинге жатқызылса, қалғаны үй бақылауында. Коронавирус індетін жұқтырғандар Қызылорда қаласында 6, Жаңақорған ауданында 16, Шиеліде 11, Қармақшыда 4 науқас тіркелді.

Арнайы қабылданған шараларға тоқталатын болсам. Қалада карантин режиміне байланысты 65 жастан асқан зейнеткерлерге жылжымал мобильді пошта арқылы зейнетақылары үйлеріне дейін жеткізіліп берілуде. Бірақ, қауіпті кеселдің ушығуына қарамастан 42500 теңге мемлекеттік жәрдемақы алу үшін Қазпошта алдында кезек күткен адамдар әлі де көп. Ал шаһар аумағында залалсыздандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мен де бар ақпарат әзірге осы.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу