Испанияда бір тәулікте 838 адам коронавирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда бір тәулікте 838 адам коронавирустан қайтыс болды

30.03.2020

Жаһан елдерінде карантин режимін сақтамағандарға ірі көлемде айыппұл салынады тіпті, бас бостандықтарынан айрылады. Мәселен, Италияда тәртіпке бағынбағандар 4 мың еуросынан қағылса, Кореяда ережені елеп-ескермегендер 1 жылға түрмеге қамалады. Жаза қатал. Сондықтан еш себепсіз көшеде жүретіндер жоқ. Әлемнің әр қиырында жүрген қазақтармен сұхбаттасқанымызда, білгеніміз осы. Ал жаһанды айлаған дерттің құрбандары күн санап артып барады.

Індеттің ілмегіне іліккендер қазір, минут, секунд санап көбейіп барады. Соңғы сандар, кеселден көз жұмғандар әлемде 30 мыңнан ал, жұқтырғандар 700 мыңнан асып кеткенін айтады. Қазір Испания бір тәуліктегі құрбандардың саны жағынан бірінші орынға шықты. Кеше бірден 838 адам о дүниелік болды. Сөйтіп, Мадридте мемлекеттік ту жартылай түсірілді.

Пандамеиядан аса зардап шеккендердің тағы бірі –Италия. Мұнда бір тәулікте 756 адам көз жұмған. Ал, жалпы қайтыс болғандар 10 мыңнан асып кетті. Сондықтан, бұл елде қазір карантиннің заңы қатал.

Оңтүстік Кореяда жағдай тұрақты. Бірақ, сырттан келетіндерден қауіп сейілмей тұр.

АҚШ болса, карнтинді сәуірдің соңына дейін ұзарттты. Оған себеп – екі күннің ішінде қайтыс болғандар санының екі есеге артуы. Сөйтіп, мұнда вирусты жұқтырғандар 142-мың адамға жеткен.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу