Елордада беймезгіл уақытта жүрген жүргізушілерге «Сергек» арқылы айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада беймезгіл уақытта жүрген жүргізушілерге «Сергек» арқылы айыппұл салынады

30.03.2020

Сондай-ақ карантин кезінде көлігімен беймезгіл уақытта жүрген жүргізушілер «Сергек» камералары арқылы да анықталып айыппұл салынады. Ал жұмысынан анықтама қағаз алғандарға «Жұмыстан-үйге» дейін тәртібі енгізілуде. Яғни әрбір мекеме қызметкерлерінің көліктері туралы мәліметті және жүру бағытын белгілеп беруі шарт. Егерде жүргізуші көрсетілген бағыттан басқа жаққа бұрылатын болса айыппұл арқалайды. Бұл жөнінде тікелей эфирде Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Данияр Орал толығырақ хабарлайды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу