Елордада 120 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 120 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды

30.06.2022

Елордада кәмелетке толмаған 120 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Мұның бәрі түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдер. Бұл қалалық Ювеналды полиция қызметкерлері жүргізген «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының 3 күндік қорытындысы.

Аталған іс-шараның мақсаты - 18 жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнде ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеу. Тәртіп сақшылары рейд кезінде саябақтарды, үйлердің аулаларын, жастардың көп жиналатын орындарын тексерді. Нәтижесінде сағат 23:25-те интернет клубында 11 жастағы баланың виртуалды ойындар ойнап отырғаны анықталды. Сонымен бірге, мейрамханаларда ата-анасынсыз қыдырып жүрген бірқатар жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді.

Гүлмира Ахметова, Есіл аудандық ПБ Жергілікті полиция қызмет бөлімі Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы:

18 жасқа толмаған жасөспірім далада жүруі түнгі уақытта ол бойынша біріншісінде, жаңа айттым ойын-сауық орталығында ұсталса айыппұл салынады. Екіншісінде ескерту болады бірінші жағдайды. Үшінші рет қайталанса онда сотқа жібереді.


Хабарламаларға жазылу