Жұмбақ аурудан 1208 америкалық қайтыс болған. Осылайша, Құрама Штаттарда коронавирусқа 85 мыңнан астам, Қытайда 82 мыңға жуық, ал, Италияда 80 мыңдай адам шалдықты. Жалпы алғанда, 21 штаттың тұрғындарына үйде қалуға кеңес берілген. Эпидемия, әсіресе, Нью-Йорк пен Луизианада ушығып барады. Вашингтон университеті медицина мектебі зерттеушілерінің сөзінше, жаңа вирус алдағы төрт айда АҚШ-та 81 мыңдай адамды мерт қылуы мүмкін.