Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 400 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 400 миллионнан асты

10.02.2022

Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, бұл пандемия планетада 6 миллиондай адамның өмірін қиған.

Ковид жұқтырудан бірінші бестікке АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Бразилия кірді.

Қауіпті инфекциядан ең қатты зардап шеккен аймақтардың бірі – Еуропа. Дегенмен, күніне миллион адам коронавирусқа шалдығып жатса да, «Қарт құрлықта» шектеу шаралары доғарылып жатыр. Бүгіннен бастап Испанияда далада маскасыз жүруге рұқсат беріледі. Ал Швеция барлық шектеулерді алып тастап, тестілеуді тоқтатып, пандемияның аяқталғанын жариялап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, пандемияның тоқтағанын жоққа шығарып, онымен күреске 23 миллиард доллар қажеттігін хабарлады. Өйткені, өткен аптада коронавирус жұқтыру оқиғалары әлемде 17 пайызға азайғанымен, одан қайтыс болу фактілері 7 пайызға көбейген екен.

Хабарламаларға жазылу