Коронавирустан көз жұмған әйел туралы жаңа деректер шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан көз жұмған әйел туралы жаңа деректер шықты

27.03.2020
Коронавирустан көз жұмған әйел туралы жаңа деректер шықты

Коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйел туралы жаңа деректер шықты.

Әйелдің өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған. Пневмонияның себебі – коронавирус.

«Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні сағат 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Онда тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы болған. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен ол №2 көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған», - дейді Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

Қазіргі уақытта науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланып, олардан коронавирус сынамалары алынды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу