Коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша Ұлыбритания Италиядан озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша Ұлыбритания Италиядан озды

06.05.2020
Коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша Ұлыбритания Италиядан озды

Ұлыбритания коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша Еуропа елдері арасында бірінші орынға шықты. Бұл елде індеттен 32,3 мыңнан астам адам көз жұмды.

Эпидемиологиялық ахуалы аса күрделі деп бағаланған Италия мен Испанияда сәйкесінше 29 мыңнан астам және 25 мың өлім-жітім тіркелген.

Науқастардың көбісі (19,6 мың) ауруханаларда қайтыс болған. 5,9 мыңға жуық адам қарттар үйлерінде және интернаттарда, 1,3 мыңнан астам науқас өз үйлерінде, сондай-ақ 301 адам хоспистерде көз жұмған. 

Дереккөз: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабарламаларға жазылу