Елордада ертеңнен бастап қоғамдық көліктер кешкі 19:00-ге дейін ғана жүреді. Ал қала маңына қатынайтын автобустар наурыздың 28-нен бастап мүлдем тоқтайды. Автопарктер карантин аяқталғанша осы кесте бойынша жұмыс істейді. Егер карантин күшейтілсе, қала ішіндегі қоғамдық көліктер де біржола тоқтауы мүмкін. Бұл туралы бүгін қала әкімдігі хабарлады.
Даияр ҚАЙЫРТАЙ