Теңгенің айырбас бағамын тез арада тұрақтандыру қажет. Ұлттық Банк, Үкімет пен квазимемлекеттік компаниялар басшылығына Президент осындай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық кірістерінің бір бөлігін- елдің валюта нарығында сатуды міндеттеді. Бұдан бөлек, квазимемлекеттік компанияларға валюталық депозиттерді кезең-кезеңімен қайтару кестесін құруды тапсырды. Президент Ұлттық компаниялар мемлекетке былтырға таза кірістің 100 пайызына дейін дивиденд төлеуі керек деп есептейді. Айта кетейік, айырбас пунктері бүгін долларды 450 теңгеден сатып алып жатыр.