Бақылау бекеттеріндегі полицейлер планшеттермен жабдықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақылау бекеттеріндегі полицейлер планшеттермен жабдықталды

20.03.2020

Елордадағы бақылау бекеттерінде қызмет етіп жатқан полиция қызметкерлері арнайы планшеттермен жабдықталды. Оның көмегімен жолаушы туралы ақпаратты лезде ғаламтордағы базаға енгізуге болады. Ал, медицина мамандары тепловизор арқылы көліктердегі әр адамның дене қызуын өлшеп жатыр.

Алматыда да полицейлер ревизиясы қызу. Кешелі бері қалаға 4700-ге жуық көлік кіріп, 3800-ден астам көлік шыққан. 2500-ге жуық көлік тұрғылықты мекенжайы басқа елді мекенде болғандықтан кері қайтарылған.

Карантинге жабылады дегеннен бастап, бас шахарлардың қонақтары жаппай қайтып жатыр. Сол себепті, кейбір өңірлерде де медициналық бақылау бекеттері ашылды. Мұнда дәрігерлер әр жолаушыны жіті тексеріп жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу