Президент қысылтаяң кезде кәсіпкерлерді қолдауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қысылтаяң кезде кәсіпкерлерді қолдауға шақырды

20.03.2020

Қазіргідей қысылтаяң шақта мемлекет кәсіпкерлерді қолдаусыз қалдырмайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына жазды.

Онда: «Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді»,- деп жазылған.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу