Шетелдерде қалып қойған қазақстандықтар қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдерде қалып қойған қазақстандықтар қайтарылады

20.03.2020

Мәскеудің Внуково әуежайында қалып қойған 30 қазақстандықты елге қайтару бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Айта кетейік, көрші ел әуе қатынастарын шектей бастағандықтан, Мәскеуден бөлек Омбы, Екатеринбург, Новосибирск, Барнауыл, Самара сынды қалаларынан отандастырымызды Қазақстанға әкелу қиындап кетті. Бірақ Сыртқы істер министрлігі өзге елдің мемлекеттік органдарымен қазір тығыз байланыс орнатып, әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ведомство жуық арада халықаралық әуе қатынасы тоқтаған Польша, грузия және Әзербайжаннан қазақстандықтарды қайтаратынын мәлімдеді. Олар Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларынан өзге өңірлерге орналастырылатын болды. 

Хабарламаларға жазылу