Мұнай компанияларында қысқарту болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай компанияларында қысқарту болмайды

19.03.2020

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты мұнай компанияларында кадр жетіспеушілігі туындады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов баспасөз маслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытта қытайлық мамандардың Қазақстанға келуіне шектеу қойылған. Соның салдарынан елдегі білікті мұнайшыларға сұраныс артты. Оның үстіне Қазақстанның мұнай өндірісін кемітпейтіні белгілі. Сондықтан мұнай компанияларында ешқандай жұмыскер қысқартылмайтынын айтты. 

Хабарламаларға жазылу