ХҚКО көпшіліктің ғимаратқа кіруіне шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХҚКО көпшіліктің ғимаратқа кіруіне шектеу қойылды

18.03.2020

Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы көпшіліктің ғимаратқа кіруіне шектеу қойды. Келушілер кезегін далада күтеді, ал ішке бір мезетте үш адамнан артық кіруге болмайды. Бұл жұқпалы індеттің алдын-алу үшін жасалған. Кіреберісте азаматтардың кезегін күзетшілер реттейді. Ал тазалықшы мамандар әр топ кіріп шыққан сайын қызмет көрсету залдарын залалсыздандырып отырады. Бұл қолайсыздыққа көпшілік түсіністікпен қарайды. Қандай да бір артық дүрбелең, дау-дамай туындап жатқан жоқ. Қазір орталық қалыпты кестеге сай жұмыс істеп тұр. Алайда, сала мамандары тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай, компьютер немесе телефон арқылы алуға кеңес береді.    

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу