Төтенше жағдай уақытында қазақстандықтар шет елдерге ем алуға шыға алады. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрад Нұрышев мәлімдеді. Емделуші нақты қай елге, өай ауруханаға бара жатқандығы туралы құжатты өзімен бірге алып жүруі міндет. Қазақстан аумағында жүрген шетел азаматтарына да отанына қайтуға рұқсат етілген. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келетіндер, біздің елдің аумағында жақын туыстары және ыхтияр хаты барлар шекараны кесіп өте алады. Ал сыртта жүрген Қазақстан азаматтарына елге оралуға шектеу жоқ.
Сондай ақ, Қазақстанды басқа елдермен байланыстырып тұрған 49 тұрақты рейс тоқтатылған. Тағы 84 рейске шектеу қойылды. Бұған дейін билет сатып үлгерген әуе компанияларына құнын толық қайтару туралы ұсыныс жасалды.
Оңғар АЛПЫСБАЙ