Қаһарына мінген қыс әуежайдың жұмысын да қиындатып жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаһарына мінген қыс әуежайдың жұмысын да қиындатып жіберді

23.01.2020

Ақ түтек боранның кесірінен Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшақтар көкке көтеріле алмай жатыр.

Дәл қазір 38 әуе кемесі кешіктірілген . Оның 22-сі ұшып келе алмай, ал 16-сы ұшып кете алмай қалған. Ал 11 рейс мүлдем тоқтатылған. Өйткені, дүлей боранда жолаушы тасымалдау қауіпті. Әрі мұз қатуға қарсы жұмыстарды жүргізу мүмкін емес. Сондықтан кейінге қалдырылған ішкі және халықаралық рейстің жолаушылары діттегіне жеріне жете алмай, әуежайда күтуге мәжбүр.

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу