«Азық-түлік тапшылығы», «дүкен сөрелерінің босап қалды» деген сыбыстарға орай: «Бізде азық-түліктің негізгі 19 түрі бар. Қазақстан бұл азық-түлік түрлері бойынша жарты жылға дейін өзін қамтамасыз ете алады. Азық-түлік қауіпсіздігі бақылауда», - деген өкімет. Дегенмен қап-қап ұн, қорап-қорап макарон, толтырып шай-май алып, дүрбелеңге түскендер болды. Әрине, бұл әркімнің өз еркіндегі шаруа.
Дегенмен басқа түскен сынақтан сүрінбей өтуімізге осындай әрекеттердің де ықпалы бар – салқын ақыл мен сабырдан жұрдай, мазасыздық – қайсысы? Қайсысы бізге жәрдем?
Ақерке БЕКТАС