Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 25 мың тоннаға жуық қоры бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 25 мың тоннаға жуық қоры бар

02.03.2022

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 25 мың тоннаға жуық қоры бар. Яғни ең қажетті азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына ешқандай себеп жоқ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Тағы 124 мың тонна картоп, пияз, сәбіз жеткізуге келісім шарт жасалған. Бүгінде үйдің жанында орналасқан дүкендерде азық-түлік бағасын орынсыз көтеру байқалады. Сондықтан әкімдік қызметкерлері тексеріс жұмыстарын бастады. Үкімет басшысы да әр өңірдегі жағдайды жіті қадағалап отыр. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі нарықты өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізуде. 2024 жылға дейін қажеттілікті 100% отандық тауарлармен қамту көзделген.  

Хабарламаларға жазылу