Қазақстанға дерт жетті. Бірақ дендеп кетті деу дұрыс емес. Елімізде алты адамнан коронавирустың анықталғанын айттық қой. Соның төртеуі Алматыда. Алатаудың бөктерін ен жайлаған елдің жағдайы қазір тұтас Қазақстанды қатты алаңдатып отыр. Кешелі бер көпшіліктің көкейінде көлкіп тұрған сұрақтардың жауабын тікелей эфирде алуға мүмкіндік туды. Қазір бізбен байланысқа Алматыдан әріптесім Жазира Оразқызы шықты. Жазира, қайырлы кеш. Алғашқы сауал былай, Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдақасымова карантинге түсіп қалыпты деген ақпарат тиді қолымызға. Тыныштық па? Тұтас Алматы сеніп отырған дәрігерден коронавирус анықталды ма, әлде бұл сақтық шаралары ма?