Атырау: «Асар» I  республикалық  форумы  басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау: «Асар» I  республикалық  форумы  басталды

30.10.2017

Атырауда «Асар» I республикалық үшжақты ынтымақтастық  форумы  басталды. Шараның мақсаты - мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес саласында өзара  әріптестікті күшейтіп, әлеуметтік жауапкершілікті нығайту.

 

Форумға қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, үшжақты серіктестік  қызмет сапасын арттырып, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізеді.

 

Шара барысында пленарлық сессия отырысынан бөлек,  әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Әлеуметтік бастамалар картасы» таныстырылды. Өңірлердің ұсыныстары негізінде   әлеуметтік бастамалар картасына  87 жоба енгізілген. 

 

Бұдан бөлек, Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, мемлекеттік органдар өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Дәл бүгін 10 әлеуметтік жоба қолдау тапты. 

 

 Нұрлан Ермекбаев,  ҚР Дін істері   және азаматтық  қоғам министрі: 

Осы форумның алдында  арнайы www.asar2017.kz сайты ашылды. Бұл сайтқа 120-дан аса жоба  бастамалары, ұысыныстар енгізілді. Олардың  ішінде  бизнесмендер  10 жобаны  таңдап, қолдау көрсетіп жатыр. 

 

Хабарламаларға жазылу