Энергетика министрлігі елдегі ірі компания Saudi Aramco-ға осындай тапсырма берген. Енді ол жұмыс қуатын тәулігіне 1 миллион баррельге дейін өсірмек. Сөйтіп саудия күніне 13 млн баррель мұнай өндірмек. Осының салдарынан қара алтын бағасы тағы арзандауы мүмкін. Эр-Рияд мұндай қадамға ОПЕК аясында Ресеймен келісім жасай алмағандықтан барып отыр. Сонымен бірге Біріккен Араб Әмірліктері де сәуірден бастап мұнай өндірісін арттыратынын хабарлады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ