Қытайға газ экспорты азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға газ экспорты азайды

11.03.2020

Дегенмен, мұнай бағасы қазір қайта өсе бастады. Тіпті, сарапшылар қара алтын құны бір-екі апта ішінде барреліне 45 долларға дейін жетуі мүмкін дейді.

Бүгіннің өзінде мұнай бағасы 4 процентке өсіп, барреліне 38 долларға жетті. Еліміз осындай көрсеткіштің өзінде пайдадан қағылмайды. Өйткені Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Қашағандағы мұнай өндірісінің өзіндік құны барреліне 10 доллар. Есесіне Қазақстан мұнай экспортынан түсетін табыстан сәл қағылуы мүмкін. Мәселен өткен жылы еліміз 33 миллиард долларға 70 миллион тонна мұнайды сыртқа тасымалдаған. Негізгі тұтынушымыз Италия 17 миллион тонна сатып алған. Бірақ коронавирусқа байланысты бұл мемлекет қара алтын импортын азайтуы мүмкін. Қытай қазірдің өзінде елімізден сатып алып отырған газдың көлемін індетке байланысты 20-25 пайызға азайтқан.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу