Қостанайда коронавирус инфекциясының таралуынан сақтану жөніндегі комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда коронавирус инфекциясының таралуынан сақтану жөніндегі комиссия құрылды

11.03.2020

Кеңесші дәрігерлер тізімі жасалып, қауіпті дерт пайда болған жағдайда әрекет ету жоспары түзілді. Ең бірінші қадам - қауіп аймағынан келгендерді оқшаулау. Қазір облыс бойныша Қытайдан келген бір азамат карантинде жатыр. Оның жағдайы қалыпты, бойынан инфекция белгілері байқалмайды. Ел қазынасынан дертке қарсы күреске Қостанай облысына 35,7 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға науқасты оқушаулау капсуласы, дәрігерлерге қорғаныш киімдері, дәрі-дәрмек алынады. Ал сау адамдарға дәріханалардан жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ. 

Хабарламаларға жазылу