Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттап жатыр.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:46-те мамыр айындағы фьючерсі 4,03 пайызға қымбаттап, баррелі 38,72 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі барреліне 3,26 пайызға қымбаттап, 35,48 доллар болды.
Еске сала кетейік, дүйсенбіде мұнай бағасы 30 пайызға түскен еді. Brent маркалы мұнай 2016 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі көрсеткішке, ал WTI 2016 жылдың ақпанынан бергі төменгі көрсеткішке түсті. Сейсенбіде мұнай бағасы 6 пайызға қымбаттады.
ria.ru