Мұнай бағасының құлдырауы бензин бағасына әзірге ықпал етпейді. Бұл жөнінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта елдегі бензиннің бағасы еркін айналымда. Жағдай нарықтық шарттарға байланысты реттеледі. Ал экономика министрі Руслан Дәленов мұнай ғана емес, металл бағасы да құлдырағанын айтып отыр.
Мұнай бағасының құлдырауына байланысты Еуропада дизель отынының құны соңғы екі күнде тоннасына 100 доларға түсті. Яғни бензин көтерме саудада 25 пайызға, ал бөлшек саудада 7 пайызға арзандады. Еуроодақ астанасы Брюссельдегі жанар жағар-май бекеттерінде бүгін бензиннің литрі-1 евро 25 центтен, дизель-1 евро 29 центтен сатылып жатыр. Сарапшылар, мұнайдың бағасы түскен сайын, жанар-жағармайдың құны да арзандай беретінін айтуда.
Нұрсұлу ҚАСЫМ