Қазақстандық ардегер тұңғыш рет «Қалқан және раушан» атты қоғамдық сыйлықтың иегері атанды. Алматыда тұратын 2 дүниежүзілік соғыстың куәгері Тамара Максимоваға бұл марапат Кремльде табыс етілді. Соғыс басталғанда 9-сыныпты ғана бітірген Тамара Максимова өз еркімен әскерге аттанып, майдан маңындағы госпитальда қызмет еткен. Жалпы «Қалқан және раушан» қоғамдық сыйлығы тек
Ресейдің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінде жұмыс істейтін әйелдерге табысталатын, биыл алғаш рет қазақстандық ардагерге бұйырды. Мәскеуге бүкіл Ресей мен ТМД елдерінен Жеңістің 75 жылдығына орай 50 ардагер ана келмек. Оның жетпіс пайызы Қазақстаннан.
Индира БЕГАЙДАР