Зейнетақы мен жәрдемақы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

10.03.2020
Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Инфляцияға және теңгенің бағамына байланысты қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы индекстеледі. Бұл туралы Үкімет отырысында бірінші вице-премьер, Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек индекстеледі. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмек бағасы, азаматтардың шетелде ем алу бойынша шығындар индекстеледі», - деді министр.

Айта кетейік, Үкімет республикалық бюджеттің шығыстарын оңтайландырады. Мәселен, бюджет есебінен қымбат жиһаздар мен автокөлік сатып алу, семинарлар, форумдар қысқарады.

Хабарламаларға жазылу