Аттестаттаудың алғашқы нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аттестаттаудың алғашқы нәтижесі жарияланды

17.03.2017

«Б» корпусының 1100-ден астам тұлғасы сынақ тапсырып, 85 пайызы лауазымына сай екендерін дәлелдеді. Аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің дені жоғары бағаға ие болып, тіпті бірқатарын кәсіби жоғарылату ұсынылды.

Бүгін «Б» корпусына кіретін басшыларды аттестациядан өткізу нәтижесі жарияланды.

Жалпы, сынақты Президент әкімшілігі, министрліктерге қарасты комитет төрағаларының орынбасарлары мен департамент директорлары, Премьер-Министр кеңсесі, Жоғарғы сот, Сенат пен Мәжілістегі бөлім меңгерушілерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары тапсырып жатыр.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу