Уханда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 11 уақытша аурухана жабылды. Жұмысын тоқтатқан соңғы ауруханада вирустың жеңіл түріне шалдыққандар жатқан. Олардың кейбірі басқа емдеу мекемелеріне көшірілді.
Уханда мұндай тағы үш аурухана жұмыс істеп тұр. Онда мыңға жуық науқас емделіп жатыр.
Айта кетейік, 5 ақпанда Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытқа ауруханалар ашыла бастады. Осы күнге дейін емдеу мекемелері 12 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен.
rbc.ua