Коронавирус валютамызға қатты әсер ете қоймағанымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кері әсерін тигізуде. Бұл туралы бүгін компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ақпан айында арадағы жүк тасымалы 39 пайызға төмендеген.
Жаһанды дүрліктірген эпидемия жығылған үстіне жұдырық болған сыңайлы. Себебі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2018 жылы 86 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшыраса, былтырғы жылды 75 миллиард теңге көлеміндегі шығынмен аяқтаған. Компанияның қаржылық жағдайын жақсарту үшін пайдасынан зияны көп активтерден арылып жатқанын айтты. Мәселен, биыл «Қорғас-Шығыс қақпасы» экономикалық аймағын Алматы облысының коммуналдық меншігіне бермек. 2029 жылға дейін 28 компанияны құрамынан шығаруды жоспарлап отыр.
Ербол МӘНДІБЕК